«Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің сапа көрсеткіштерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 44 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 25 қарашадағы № 458/НҚ бұйрығы
«Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің сапа көрсеткіштерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 44 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 25 қарашадағы № 458/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің сапа көрсеткіштерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 44 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14130 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Пошта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің сапа көрсеткіштерінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1) пошта операторының қызметтерін пайдаланушыларға пошта байланысының әмбебап қызметтерін ұсынуды қамтамасыз ететін пошта желісін дамыту:
Елді мекеннің типі | Тұрғындар саны | Пошта байланысы бөлімшелерінің (стационарлық) ең аз мөлшері |
Ауылдық елді мекендер* | 2 мың адамнан кем емес | 1 |
* бірнеше ауылдық елді мекенді қамтитын ауылдық округ шегінде, ауылдық округтың халықтың жалпы саны кемінде 2000 (екі мың) адам болатын барлық ауылдық елді мекенінде бір пошта байланысы бөлімшесі (стационарлық).
2) пошта байланысы бөлімшелерінің (стационарлық) жұмыс режимінің көрсеткіштері:
Елді мекеннің типі | Пошта байланысы бөлімшелерінің (стационарлық) ең аз жұмыс режимі |
Республикалық маңызы бар қала | Аптасына кемінде 5 күн; жұмыс режимі: сағат 9:00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күні жұмыс режимі: сағат 10:00-ден 14:00-ге дейін, жексенбі демалыс күні |
Облыстық маңызы бар қала | Аптасына кемінде 5 күн; жұмыс режимі: сағат 9:00-ден 17.00-ге дейін, көрсетілетін қызметтердің көлеміне байланысты түскі асқа үзіліспен; демалыс күндері: сенбі, жексенбі. |
Демо – версия документа