«Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 234 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 30 мамырдағы № 169 бұйрығы
«Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 234 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 30 мамырдағы № 169 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 234 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32880 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныс аудару қағидаларында:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) жақын туыстар - ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер;»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жөніндегі жергілікті атқарушы орган көші-қон мәселелері бойынша уәкілетті органның келісуі бойынша қоныс аударушылар мен қандастарды қоныстандыру мақсатында адамдарды ерікті қоныстандыру, оның ішінде облыс ішінде қоныстандыру үшін жыл сайын, уәкілетті орган бекіткен алдыңғы күнтізбелік жылға қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын ескере отырып, 15 желтоқсанға дейін елді мекендердің тізбесін бекітеді.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Қоныс аударушыларды және олардың отбасы мүшелерін (бар болса) жұмысқа орналастыру үшін жаңа тұрғылықты жерге өңіраралық ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу:
1) мемлекеттік қызметшілерге;
Демо – версия документа