(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ 2015.14.04 № 341 БҰЙРЫҒ...
Осы редакция 2016 жылғы 26 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 14 сәуірдегі
№ 341 бұйрығына
1-қосымша
«Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөліністері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) ішкі істер органдарының тіркеу-емтихан бөліністері (бұдан әрі - ТЕБ);
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Орталық) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) ТЕБ-те:
құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап - 6 сағат;
қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут;
бір көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдаудың рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут;
2) Орталыққа жүгінген кезде:
құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап - 2 сағат;
электрондық кезек талонын алған сәттен бастап құжаттарды тапсырғанға дейін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут;
Орталық қызметкерінің бір өтінімді ресімдеуіне рұқсат етілген ең ұзақ уақыт - 20 минут.
Редакция документа
Демо – версия документа