(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «КЕЙБІР БҰЙРЫҚТАРҒА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚС...
Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 3 маусымдағы № 221-НҚ бұйрығы
Осы редакция 2025 жылғы 18 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын (бюджеттік бағдармаларды іске асыру туралы есептерді) жария талқылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 149 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22682 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын (бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді) жария талқылау қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 124-бабының 1-тармағы 3) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген бюджеттік есептілікті оны қалыптастыру мерзімдері өткеннен кейін он бес жұмыс күні ішінде, Кодекстің 124-бабының 1-тармағы 4) тармақшасының екінші абзацында (есепті қаржы жылы үшін республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп бөлігінде) көрсетілген бюджеттік есептілікті бекітілгеннен кейін бір ай өткен соң, азаматтық бюджетті Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 9 қаңтардағы № 15 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16261 болып тіркелген) Бюджеттік жоспарлау және бюджеттерді атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау мен ұсыну қағидаларына сәйкес айқындалған тәртіппен ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың жиырма бесінші күні Порталда орналастырады.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Кодекстің 124-бабының 1-тармағы 2) тармақшасының бесінші, алтыншы абзацтарында көрсетілген бюджеттік есептілікті оны қалыптастыру мерзімдері өткеннен кейін он бес жұмыс күні ішінде Порталда орналастырады.».
Редакция документа
Демо – версия документа