«Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 18 қаңтардағы № 49 бұйрығы
«Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 18 қаңтардағы № 49 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19897 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
««Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 206-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙРАМЫН:»;
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) осы бұйрыққа 2-1-қосымшаға сәйкес корпоративтік табыс салығы бойынша декларация нысаны (100.00 нысаны);
2-2) осы бұйрыққа 2-2-қосымшаға сәйкес «Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (100.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;»;
мынадай мазмұндағы 11-1) және 11-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«11-1) осы бұйрыққа 11-1-қосымшаға сәйкес корпоративтік табыс салығы бойынша декларация нысаны (110.00-нысан);
11-2) осы бұйрыққа 11-2-қосымшаға сәйкес «Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (110.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;»;
мынадай мазмұндағы 13-1) және 13-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«13-1) осы бұйрыққа 13-1-қосымшаға сәйкес корпоративтік табыс салығы бойынша декларация нысаны (150.00-нысан);
13-2) осы бұйрыққа 13-2-қосымшаға сәйкес «Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (150.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;»;
мынадай мазмұндағы 27-1) тармақшамен толықтырылсын:
Демо – версия документа