«Жеке шоттарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 6 тамыздағы № 829 бұйрығы
«Жеке шоттарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 6 тамыздағы № 829 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жеке шоттарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16601 болып тіркелген, 2018 жылғы 28 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке шоттарды жүргізу қағидалары:
мынадай мазмұндағы 33-1-тармағымен толықтырылсын:
«33-1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Заңы 57-1-бабының ережелерін қолдану мақсатында 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салық төлеушінің дербес шотында есептелген:
1) бересі бойынша - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем сомасы:
2018 жылғы 1 қазанға салық төлеушінің жеке шотында көрсетілген «Төлем сальдосы (бересі (-) немесе артық төлем (+)» деген бағанда;
«Есептелген» деген бағанда салықтық тексеру нәтижесі бойынша есептелген және салық төлеушінің жеке шотында көрсетілген, «Төлем мерзімі» деген бағанда 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін төлем мерзімі көрсетілген;
қосымша салықтық есепті ұсыну жолымен салық төлеушінің есептелген «Төлем мерзімі» деген бағанда 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін төлем мерзімі көрсетілген;
2) өсімпұл бойынша - өсімпұл сомасы:
2018 жылғы 1 қазанға салық төлеушінің жеке шотында көрсетілген «Өсімпұл сальдосы (+,-)» деген бағанда;
Демо – версия документа