«Iшкi сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 723 бұйрығы
«Iшкi сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 723 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Iшкi сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 28 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Iшкi сауда қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) автодүкен - сауда жабдықтарымен жарақталған мамандандырылған автокөлiк құралы;
2) автомат - тауарларды сатуға арналған автоматтандырылған құрылғы;
3) асхана - тұтынушылар өзіне өзі қызмет көрсететін қоғамдық тамақтандыру объектісі;
4) аутлет орталық - елеулі жеңілдіктермен (жиырмадан тоқсан пайызға дейін) бірыңғай тауар белгісімен немесе маркасымен айналымға шығарылған өнімдер шығарылымының алдыңғы маусымының азық-түлік емес тауарлар тобын (киім-кешек, аяқ киім, аксессуарлар және басқалар) сатуды жүзеге асыратын сауда объектісі;
5) әмбебап сауда базары - әртүрлі сыныптағы тауарларды сатуды жүзеге асыруға арналған сауда орындары бар сауда базары;
6) баға - тауар құнының ақшалай мәні;
7) бар - тұтынушыларға тіске басар, десерттер және кондитерлік бұйымдарды, сондай-ақ алкоголь өнімдерін ұсынатын қоғамдық тамақтану және демалыс объектісі;
8) бөлшек сауда - сатып алушыға жеке, отбасылық, үй iшiнде немесе кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес өзге де пайдалануға арналған тауарларды сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;
Демо – версия документа