Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Республикалық бюджет комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 154 Қаулысы

«Республикалық бюджет комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 154 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Республикалық бюджет комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережеде:

1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (бұдан әрі – Бюджет кодексі), Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже Комиссия қызметінің құқықтық негізін құрайды.»;

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Комиссия қызметінің мақсаттары»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Комиссия қызметінің негізгі мақсаты жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджеттің жобасын уақтылы және сапалы әзірлеуді қамтамасыз ету және республикалық бюджетті нақтылау, түзету және атқару жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.»;

3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«3-тарау. Комиссияның міндеттері мен функциялары»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Комиссияның негізгі міндеттері:

1) республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

2) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының басым мақсаттары және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының бағыттары бойынша ұсыныстар тұжырымдау;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку