Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) МЕХАНИКАЛЫҚ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН ЖҮРГІЗУШІЛЕРДІ ДАЯРЛАУ ...

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2014 жылғы 2 желтоқсандағы

№ 862 бұйрығына 2-қосымша

 

 

Осы редакция 2023 жылғы 20 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау

қағидалары

(2021.30.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2018.20.04. № 310 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау қағидалары (бұдан әрі — Қағидалар) «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау жөніндегі оқу ұйымдарында (бұдан әрі — оқу ұйымдары) механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді (бұдан әрі — жүргізушілер) даярлау тәртібін айқындайды.

ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 2017.26.09. № 646 бұйрығымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді); ҚР Ішкі істер министрінің 2021.30.04. № 253 бұйрығымен 1-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1-1. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) алғашқы көмек - зардап шегушілер білікті медициналық көмек алу мүмкіндігіне дейін адамдардың орындауы үшін қолжетімді көмектің іс-шаралар кешені;

2) контент - оқу материалдарын ақпараттық (мәтіндер, графикалар мультимедиалар және өзге де маңызды толықтыру) толықтыру;

3) тестілеу кешені - интернет-ресурс арқылы қолжетімділігі бар білім беру процесінің барлық деңгейінде білім алушылардың оқу материалын меңгеру дәрежесін анықтауға арналған технология;

4) аралас оқыту - дәстүрлі күндізгі оқыту нысанында және қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып жүргізілетін оқыту технологиясы;

5) тьютор ‒ білім алушыларға зерделенетін пәнді меңгеруге көмектесетін тұлға;

6) қашықтықтан оқытуды іске асыратын оқу ұйымдарының интернет-ресурсы - білім беру процесіне қатысушылар үшін әкімшілік-академиялық ақпаратты қамтитын Интернет-ресурс;

7) «on-line» - нақты уақытта ақпаратпен алмасу;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку