Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды, мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 409 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2024 жылғы 13 қыркүйектегі № 296 бұйрығы

«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды, мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 409 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2024 жылғы 13 қыркүйектегі № 296 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 409 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15553 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында:

мынадай мазмұндағы 56-1, 56-2 және 56-3-тармақтарымен толықтырылсын:

«56-1. Пилотсыз авиациялық жүйені есепке қою туралы куәлікті алу үшін өтініш беруші уәкілетті ұйымға портал арқылы осы Қағидаларға 10-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пилотсыз авиациялық жүйені есепке қоюға өтінімді және (немесе) осы Қағидаларға 10-2-қосымшаға сәйкес «Пилотсыз авиациялық жүйені есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында (бұдан әрі - Негізгі талаптардың тізбесі) көзделген тізбе бойынша құжаттарды ұсынады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер негізгі талаптардың тізбесінде баяндалған.

Портал арқылы жүгінгеннен кейін өтініш берушіге «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінімнің қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

Құжаттарды портал арқылы жіберген кезде олар өтініш берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку