Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 және «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 2 мамырдағы № 131 бұйрығы

 «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 және «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 2 мамырдағы № 131 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларында:

2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Медициналық-әлеуметтік сараптаманы (бұдан әрі - МӘС) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - аумақтық бөлімшелер) жүргізеді.

3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) абилитация - мүгедектігі бар адамдардың бойында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіптік қызметке қабілеттілікті қалыптастыруға және дамытуға бағытталған шаралар кешені;

2) біліктілік - жұмыскердің кәсіптік даярлығының дәрежесі, жұмыстың белгілі бір дәрежедегі күрделілігін орындау үшін қажетті білімі, ептілігі мен дағдыларының болуы;

3) емдеуші дәрігер - пациент медициналық ұйымда байқауда болған және емделген кезеңде оған медициналық көмек көрсететін дәрігер;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку