(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ КЕЙБІР НОРМА...
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Жоғары Төрелiк соты Пленумының кейбір қаулыларының және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 3 Нормативтік қаулысы
Осы редакция 2017 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы
қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мынадай нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасында сот билігі туралы заңдарды қолданудың кейбір мәселелері туралы» 1998 жылғы 14 мамырдағы № 1 нормативтік қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 8, 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге):
кіріспеде:
бірінші абзацта «Конституциясы» деген сөзден кейін «(бұдан әрі - Конституция)» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзацтың үшінші сөйлемінде «Қазақстан Республикасы» деген сөздер алып тасталсын, «Конституциясының» деген сөз «Конституцияның» деген сөзге ауыстырылсын;
екінші абзацта:
«Конституциялық Кеңеске» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне» (бұдан әрі - Конституциялық Кеңес)» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацта:
«Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексі 322-бабының» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі (бұдан әрі - ҚПК) 342-бабының» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацта:
«кәнігі түрде» деген сөздер алып тасталсын;
«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 362-бабы» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 430-бабы (бұдан әрі - ҚК)» деген сөздермен ауыстырылсын;
Редакция документа
Демо – версия документа