Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Еуразиялық экономикалық комиссияның кадр құрамын қалыптастыру тетігін нақтылау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттама (Мәскеу, 2021 жылғы 5 тамызда)

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа

Еуразиялық экономикалық комиссияның кадр құрамын

қалыптастыру тетігін нақтылау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы

хаттама

(Мәскеу, 2021 жылғы 5 тамызда)

 

ҚР 2022 жылғы 10 қазандағы № 145-VII Заңымен ратификацияланды

2022 жылғы 25 қазанда күшіне енді

 

Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер,

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 115-бабын басшылыққа ала отырып,

төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-бап

 

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ережеде (көрсетілген Шартқа № 1 қосымша):

54-тармақта:

төртінші абзацтағы «4 жыл мерзімге» деген сөздер алып тасталсын;

төртінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

«Комиссия департаменттерінің директорларымен және олардың орынбасарларымен еңбек шарттары (келісімшарттар) осы Ереженің 33-тармағына сәйкес қалыптастырылған Комиссия Алқасының жұмыс мерзімінен аспайтын мерзімге жасалады.

Комиссия Алқасының Төрағасы Комиссия департаменттері директорларының және олардың орынбасарларының еңбек шарттарын (келісімшарттарын) 3 айға дейінгі мерзімге бір рет ұзартуға құқылы.

Комиссия департаменті директорының немесе Комиссия департаменті директоры орынбасарының еңбек шарты (келісімшарты) мерзімінен бұрын тоқтатылған (бұзылған) жағдайда, Комиссия департаментінің директоры немесе Комиссия департаменті директорының орынбасары бос лауазымына тағайындалатын адаммен еңбек шарты (келісімшарт) осы Ереженің 33-тармағына сәйкес қалыптастырылған Комиссия Алқасының жұмыс мерзімі аяқталғанға дейін қалған мерзімге жасалады.»;

сегізінші абзац «конкурстық негізде» деген сөздерден кейін «және егер мүше мемлекеттің заңнамасында білікті іріктеудің қажеттілігі көзделсе, мүше мемлекетте жүргізілген мұндай іріктеудің нәтижелері ескеріле отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку