«Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 маусымдағы № 694 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 439 бұйрығы
«Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 маусымдағы № 694 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 439 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 маусымдағы № 694 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11737 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидалардың қолданысы Заңының 3-бабы 2-тармағымен көзделген өнімдерге және «Кеден одағында санитарлық шаралар қолдану туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында және кедендік аумағында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімнің (тауарлардың) бірыңғай тізбесіне, сондай-ақ химиялық өнімге, айналымына, әзірлеуіне, қайта өңдеуіне, өндіруіне, сатып алуына, өткізуіне, сақтауына, пайдалануына және жоюына қатысты «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсат беру тәртібі белгіленген:
1) есірткі құралдарын, психотроптық заттарға және прекурсорларға;
2) жарылғыш және пиротехникалық заттарға;
3) уларға;
4) пестицидтерге;
5) бояғыштарға, синтетикалық жуғыш құралдарына;
6) залалсыздандыру, дезинсекция және дератизациялау құралдарына;
7) тағамдық қоспаларға;
8) этил спирті мен алкоголь өнімдеріне, темекі бұйымдарына қолданылмайды.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа