(СТАРАЯ РЕДАКЦИЯ) «КӘСІБИ АУДИТОРЛЫҚ ҰЙЫМДЫ АККРЕДИТТЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК Б...
Осы редакция 2016 жылғы 18 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 2 шілдедегі
№ 394 бұйрығына 3-қосымша
«Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы, www.elicense.kz (бұдан әрі - веб-портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - куәлік, қайта рәсімдеу, кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік) телнұсқасын беру.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметерлердің)
іс-әрекеттері тәртібін сипаттау
4. Нормативтік құқықтық актілері тізілімінде № 11362 болып тіркелген «Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 280 бұйрығымен «Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшаға сәйкес қызмет алушының электрондық-сандық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-әрекеттерді) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-әрекеттер) мазмұны:
Редакция документа
Демо – версия документа