«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 922 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 877 Қаулысы (күші жойылды)
«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 922 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 877 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 372 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 922 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасында:
«1. Бағдарламаның паспорты» деген бөлімде:
«Қаржыландырудың көздері мен көлемі» деген жолда:
мына:
«
Бюджеттен тыс қаражат**, оның ішіндеквазимемлекеттік сектор субъектілерініңоблигациялық қарыздары бойынша қаражат және қаражатты қайта пайдалану | 44,1 | 153,0 | 161,4 | 176,2 | 161,8 | 696,6 |
Барлығы | 213 | 335,0 | 335,4 | 315,2 | 300,8 | 1499,4 |
*Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық бюджетті бекіткен кезде нақтыланады;
**осы қаражат тұрғын үйдің сатылуына қарай ЖАО-ның бағалы қағаздарын сатып алу арқылы кредиттік тұрғын үй салуға жұмсалады.»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
Бюджеттен тыс қаражат**, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты | 46,1 | 139,4 | 123,3 | 139,4 | 104,4 | 552,6 |
ЖАО облигацияларын сатып алуға және ЕДБ-ге негізделген депозиттері арқылы | 46,1 | 119,4 | 103,3 | 139,4 | 104,4 | 512,6 |
Астана қаласындағы проблемалық тұрғын үй объектілерін аяқтауды қаржыландыруға бағытталады | 20,0 | 20,0 | 40,0 | |||
Барлығы | 214,9 | 321,4 | 297,3 | 278,4 | 243,4 | 1355,4 |
*Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық бюджетті бекіткен кезде нақтыланады;
**осы қаражат тұрғын үйдің сатылуынан түскен қаржат түсуіне қарай бағытталатын болады.»;
Документ утратил силу
Демо – версия документа