«Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 149 бұйрығы
«Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 149 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7447 тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырдағы № 154-156 (26973-26975) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 32-бабының 2) тармақшасына сәйкес»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесінде:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
1. Осы Қағидалар:
1) мәмілелерді куәландыру;
2) мүлікті иеліктен шығару туралы шарттарды куәландыру;
3) келісулерді куәландыру;
4) мүлікті пайдалану тәртібі туралы шарттарды куәландыру;
5) неке шарттарын куәландыру;
6) өсиеттерді куәландыру;
7) конвертті ашу және құпия өсиеттің мәтінін жариялау;
8) сенімхаттарды куәландыру;
9) шаруашылық серіктестіктерінің құрылтай құжаттарын куәландыру;
10) мұраны сенімгерлік басқарушыны тағайындау;
11) мұрагерлікке құқық туралы куәлік беру;
12) жұбайлардың және ортақ бірлескен меншік құқығы негізінде мүлкі бар өзге адамдардың ортақ мүліктегі үлесіне меншік құқығы туралы куәлік беру;
13) құжаттардың көшірмелері мен олардың үзінді көшірмелерінің дұрыстығын куәландыру;
14) құжаттардағы қойылған қолдардың төлнұсқалығын куәландыру;
15) құжаттардың бір тілден екінші тілге аудармасының дұрыстығын куәландыру;
16) фактілерді куәландыру;
17) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқа жеке және заңды тұлғаларға беру;
18) ақшаларды депозитке қабылдау;
Демо – версия документа