«Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының м.а. - Қаржы министрінің м.а. 2023 жылғы 30 наурыздағы № 307 бұйрығы
«Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының м.а. - Қаржы министрінің м.а. 2023 жылғы 30 наурыздағы № 307 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19897 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақта:
116) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«116) осы бұйрыққа 116-қосымшаға сәйкес «Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация (920.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;»;
118) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«118) осы бұйрыққа 118-қосымшаға сәйкес «Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация (200.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;»;
мынадай мазмұндағы 119), 120), 121) 122), 123), 124), 125), 126), 127), 128), 129), 130), 131), 132), 133) және 134) тармақшалармен толықтырылсын:
«119) осы бұйрыққа 119-қосымшаға сәйкес корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның нысаны (100.00-нысан);
120) осы бұйрыққа 120-қосымшаға сәйкес «Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (100.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;
121) осы бұйрыққа 121-қосымшаға сәйкес жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияның нысаны (200.00-нысан);
122) осы бұйрыққа 122-қосымшаға сәйкес «Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация (200.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;
123) осы бұйрыққа 123-қосымшаға сәйкес жеке табыс салығы бойынша декларацияның нысаны (220.00-нысан);
124) осы бұйрыққа 124-қосымшаға сәйкес «Жеке табыс салығы бойынша декларация (220.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;
Демо – версия документа