(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ «МЕНШІК ИЕСІНІҢ Ж...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 909 және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 285 Қаулысы
Осы редакция 2023 жылғы 13 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 909 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 52, 725-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру қағидаларында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
«17) электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді сақтау, өңдеу және тарату процестерінің қорғалуын қамтамасыз етуді зерттеп-қарау (бұдан әрі - зерттеп-қарау) - электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді өңдеуді, сақтауды, таратуды және қорғауды жүзеге асырған кезде қолданылатын қауіпсіздік шаралары мен қорғау әрекеттерін бағалау.»;
3-тармақтағы «қамтамасыз ететін дербес деректерді қорғау жөніндегі қажетті шараларды қолдануға міндетті» деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа