«Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 167 бұйрығы
«Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 167 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 115 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10876 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 154) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесінде:
«Букмекерлік кеңсе үшін» бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«
1 | осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысандағы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 94-бабының 4-тармағына санитариялық-эпидемиологиялық және «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Азаматтық қорғау туралы заң) 61-бабының 2-тармағына өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөліктерінің) болуы туралы мәліметтер* |
2 | осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысандағы бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған меншік құқығындағы жабдықтар (растайтын құжаттарды ұсына отырып: тауарға арналған декларация, тауарлық-материалдық құндылықтар бойынша жүкқұжаты, шот-фактурлар, сатып алу-сату шарты) болуы туралы мәліметтер |
Демо – версия документа