«Радиациялық бақылауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 ақпандағы № 121 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 12 қаңтардағы № 21 бұйрығы
«Радиациялық бақылауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 ақпандағы № 121 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 12 қаңтардағы № 21 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Радиациялық бақылауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 ақпандағы № 121 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16543 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 402-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Радиациялық бақылау жүргізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Радиациялық бақылауды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 402-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік кірістер органдарының радиациялық бақылауды жүргізу тәртібін айқындайды.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. «Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасын және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифін бекіту туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының жіне Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің тауар позицияларына кіретін тауарлар:
2612 – урандық немесе торийлік кендер мен концентраттар;
2844 – химиялық радиоактивті элементтер және радиоактивті изотоптар (бөлінетін және химиялық элементтерді және изотоптарды шығаратын қоса алғанда) және олардың қосындылары; осы өнімдер бар қосындылар мен қалдықтар;
Демо – версия документа