«Көлік және метрополитен нысандарында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы полиция қызметкерлерінің патрульдік-бекеттік қызметті атқаруы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 2 ақпандағы № 115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2023 жылғы 29 наурыздағы № 262 бұйрығы
«Көлік және метрополитен нысандарында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы полиция қызметкерлерінің патрульдік-бекеттік қызметті атқаруы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 2 ақпандағы № 115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2023 жылғы 29 наурыздағы № 262 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Көлік және метрополитен нысандарында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы полиция қызметкерлерінің патрульдік-бекеттік қызметті атқаруы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 2 ақпандағы № 115 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31849 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген көлік және метрополитен нысандарында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы полиция қызметкерлерінің патрульдік-бекеттік қызметті атқаруы жөніндегі нұсқаулықта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Көлік және метрополитен нысандарында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы полиция қызметкерлерінің патрульдік-бекеттік қызметті атқаруы жөніндегі нұсқаулық»;
1, 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Нұсқаулық көлік (әуежай, теміржол вокзалы, жолаушылар поезы) және метрополитен объектілерінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасы полиция қызметкерлерінің (бұдан әрі - қызметкерлер) патрульдік-бекеттік қызмет (бұдан әрі - қызмет) атқару тәртібін айқындайды.
2. Патрульдік-бекеттік қызметті атқару патрульдік-бекеттік жасақшаларымен (бұдан әрі - ПБЖ) қамтамасыз етіледі.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Патрульдік-бекеттік қызмет»;
1-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-Параграф. Көлік және метрополитен нысандарында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі патрульдік-бекеттік қызметті атқаруға дайындық»;
Демо – версия документа