(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАРЫ Т...
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы
1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2676 Қазақстан Республикасының Заңы
(2020.09.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2022 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Қазақстан Республикасының азаматтары жемiстi мемлекеттік, қоғамдық, шығармашылық қызметi, еңбектегi және жауынгерлiк ерлiктерi үшiн, олардың Республикаға сiңiрген еңбегiнiң танылуының белгiсi ретiнде мемлекеттік наградалармен наградталады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен Қазақстан Республикасына еңбек сiңiрген шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың да наградталуы мүмкiн.
Мемлекеттік наградалармен наградтауды Қазақстан Республикасының Президентi жүзеге асырады.
2008 ж. 11 желтоқсандағы № 93-ІV ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
2-бап. Ең жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiлерi - «Алтын Қыран» орденi, «Халық қаһарманы» , «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да ордендерi, медальдары, құрметтi атақтары және Құрмет грамотасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары болып табылады.
2008 ж. 11 желтоқсандағы № 93-ІV ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
3-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік наградаларының атаулары мемлекеттік тiлде белгiленедi.
Мемлекеттік наградалардың сипаттамасын, «Алтын Қыран» орденi, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» кiтапшаларының, орден кiтапшаларының, медальдарға куәлiктердiң және құрметтi атақтар берiлгенi туралы куәлiктердiң үлгiлерiн, мемлекеттік наградаларға ұсыну және оларды тапсыру тәртібін, басқа да құжаттар мен ережелердi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
4-бап. «Алтын Қыран» орденiмен наградтау үшiн кандидатураларды Қазақстан Республикасының Президентi анықтайды.
Редакция документа
Демо – версия документа