(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008 ЖЫЛҒЫ 30 МАМЫРДАҒЫ № 522 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Суавтоматика» ғылыми-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта атау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 мамырдағы № 522 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Суавтоматика» ғылыми-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Су-метрология» ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.
3. Сумен қамтамасыз ету саласындағы шаруашылық қызметті жүзеге асыру кәсіпорын қызметінің негізгі мәні болып белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынсын;
2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Редакция документа
Демо – версия документа