«Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 18 қазандағы № 171 бұйрығы
«Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 18 қазандағы № 171 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19242 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларында:
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«50. Мына:
1) табиғи монополия субъектісінің тұтынушыларға қойылатын электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысу шарттарына сай келмеуі;
2) Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес газ тарату ұйымдарынан газ сатып алу;
3) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес электр энергиясын сатып алу жағдайларын қоспағанда, стратегиялық тауарларды сатып алу тікелей стратегиялық тауар өндірушілерден жүзеге асырылады.
Бұл ретте стратегиялық тауарларды сатып алу рәсімі осы Қағидаларға сәйкес конкурс тәсілімен жүзеге асырылады.»;
206-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«206. Сәулет және қала құрылысы органдарының өтініші бойынша табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосылуға техникалық шарттарды беруді табиғи монополия субъектісі:
1) техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін - бес жұмыс күні ішінде;
2) техникалық жағынан күрделі объектілер үшін - он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосылуға немесе реттеліп көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттар жобалаудың, құрылыстың нормативтік кезеңіне беріледі және оларды сәулет және қала құрылысы органдары мемлекеттік қала құрылысы кадастрына ұсынады.
Демо – версия документа