Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 109 бұйрығы

 «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 109 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19242 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларында:

49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«49. Сатып алуды табиғи монополия субъектiсi:

1) сатып алуды өткiзудiң ашықтығы мен жариялылығы;

2) сатып алуға қатысу үшiн барлық әлеуетті өнім берушiлерге тең мүмкiндiктi қамтамасыз ету;

3) әлеуетті өнім берушiлер арасында адал бәсекелестік қағидаттарын сақтай отырып, өткiзедi;

4) отандық тауар өндірушілерге, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерге Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келмейтін шамада қолдау көрсетіп өткiзедi.»;

мынадай мазмұндағы 129-1-тармақпен толықтырылсын:

«129-1. Конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу екі кезеңдік рәсімдерді пайдалану арқылы портал арқылы жүргізіледі.

Портал арқылы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың екі кезеңдік рәсімдері мынадай рәсімдерді қамтиды:

1) отандық тауар өндірушілер арасындағы конкурс;

2) конкурс.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы берген Индустриялық сертификат тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізіліміндегі әлеуетті өндірушінің тауарды өндіргенін растайтын құжат болып табылады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку