«Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және келісу, сондай-ақ олардың өткізілуі туралы есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 237 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 11 шілдедегі № 242 бұйрығы (күші жойылды)
«Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және келісу, сондай-ақ олардың өткізілуі туралы есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 237 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 11 шілдедегі № 242 бұйрығы
ҚР Энергетика министрінің 2022 жылғы 7 маусымдағы № 202 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және келісу, сондай-ақ олардың өткізілуі туралы есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 237 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген нөмірі - № 10941, «Әділет» нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 5 маусымында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу және бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсынудың қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу және бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсынудың қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу және бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсынудың қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу және бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсынудың қағидалары»;
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа