«Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 65 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 345/НҚ бұйрығы
«Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 65 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 345/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 65 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14370 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларында:
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Пошта желісін ұйымдастыру және пошта операторының қызметтерін пайдаланушыларға пошта операторларының қызмет көрсету тәртібі, оның ішінде мүгедектігі бар адамдардың пошта байланысының көрсетілетін қызметтеріне кедергісіз қол жеткізуі жөніндегі тәртіп»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Пошта операторының өндірістік объектілеріне кірер жерде өндірістік объектінің атауы және жұмыс режимі көрсетілген маңдайша орнатылады. Қалаларда орналасқан және жылжымалы график бойынша, түскі үзіліспен немесе демалыс күнімен жұмыс істейтін өндірістік объектілерде, сондай-ақ үзіліссіз немесе демалыс күндерсіз қызметтер ұсынатын жақын маңдағы өндірістік объектінің орналасқан жері және жұмыс режимі туралы хабарландыру ілінеді. Маңдайша мен хабарландыру мәтіні қазақ және орыс тілінде жазылады.
Мүгедектігі бар адамдарға кедергісіз қызмет көрсету мақсатында пошта операторлары:
өндірістік объектіге мүгедектігі бар адамдардың кедергісіз кіруін, сондай-ақ оларға еркін және кедергісіз қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін операциялық терезені жабдықтауды;
кезектен тыс қызметтер көрсетілуін;
көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртібі туралы толық және дұрыс ақпаратпен қолжетімді нысанда қамтамасыз етеді.»;
Демо – версия документа