(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ «КЕЙБIР НҰСҚАУЛЫҚ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Кейбiр нұсқаулықтарды бекiту туралы» 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 және «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы» 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 мамырдағы № 318 Қаулысы
Осы редакция 2022 жылғы 2 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Кейбiр нұсқаулықтарды бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде iс жүргізу жөніндегі нұсқаулықта;
142-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«142. Кеңседе жобалардың өту мерзімі (жоба құрылымдық бөлімшелерге келіп түскен күннен бастап қол қойылған құжатты шығаруға тапсырғанға дейін): Үкімет қаулыларының жобалары үшін - 20 (жиырма) жұмыс күнінен, қарыз туралы халықаралық шарттар туралы қаулы жобалары үшін - 10 (он) жұмыс күнінен, Премьер-Министр өкімдерінің жобалары үшін - 15 (он бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс. Үкімет басшылығының тапсырмасы бойынша әзірленген шұғыл жобалар бойынша олардың Кеңседе өтуінің өзге де қысқартылған мерзімдері белгіленеді.»:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулықта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа