(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «КЛИНИКАЛЫҚ ПРАКТИКАҒА ЖІБЕРУ ҮШІН МАМАН СЕРТИФИКАТЫ...
Осы редакция 2017 жылғы 10 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 cәуірдегі
№ 294 бұйрығына 1-қосымша
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016.30.09. № 831 бұйрығымен атауы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2016.30.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Клиникалық практикаға жіберу үшін біліктілік санатын бермей маман сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016.30.09. № 831 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. «Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016.30.09. № 831 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштерді қабылдау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижесін беру портал арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016.30.09. № 831 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 5 (бес) жұмыс күні.
Редакция документа
Демо – версия документа