«Көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындардың мөлшерін және оларды ақпарат иеленушіге төлеу тәртібін, сондай-ақ халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын шығындарды төлеуден босату тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 258-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025 жылғы 14 наурыздағы № 96-НҚ бұйрығы
«Көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындардың мөлшерін және оларды ақпарат иеленушіге төлеу тәртібін, сондай-ақ халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын шығындарды төлеуден босату тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 258-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025 жылғы 14 наурыздағы № 96-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындардың мөлшерін және оларды ақпарат иеленушіге төлеу тәртібін, сондай-ақ халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын шығындарды төлеуден босату тәртібін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32902 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 258-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын шығындарды төлеуден босату тәртібінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындарды төлеуден мынадай әлеуметтік осал топтарға жататын ақпарат пайдаланушылар босатылады:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
3) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
4) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;
5) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
6) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
Демо – версия документа