«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мұнай-газ кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 наурыздағы № 285 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 1028 Жарлығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мұнай-газ кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 наурыздағы № 285 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мұнай-газ кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 наурыздағы № 285 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Энергетикалық кеңес туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 19-бабының 10) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасында энергетика саласының орнықтылығы және оны тиімді дамыту мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Энергетикалық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мұнай-газ кеңесі туралы ережеде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Энергетикалық кеңес туралы ереже»;
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Энергетикалық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасында энергетика саласын орнықты және тиімді дамыту мақсатында құрылады.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Кеңестің міндеттері мен құқықтары»;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кеңестің негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының энергетика саласын дамытудың стратегиялық бағыттары бойынша ұсыныстар тұжырымдау;
2) Қазақстан Республикасының аса ірі мұнай-газ кен орындарында жұмыс істейтін шетелдік әріптестермен өзара іс-қимыл жасау бойынша ұсыныстар тұжырымдау болып табылады.
Демо – версия документа