(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «КІРМЕ ЖОЛДАРДЫ ЖӘНЕ ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ЖО...
Осы редакция 2018 жылғы 24 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016.28.11. № 817 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрі міндетін атқарушының
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 624 бұйрығына
3-қосымша
«Кірме жолдарды және жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарға жалғасатын жолдарды салуға келісу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2016.28.11. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 529 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11327 болып тіркелген) бекітілген «Кірме жолдарды және жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарға жалғасатын жолдарды салуға келісу» мемлекеттік қөрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі - Стандарт) «Кірме жолдарды және жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарға жалғасатын жолдарды салуға келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Қазавтожол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының облыстық филиалдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі кірме жолдарды және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарға жалғасатын жолдарды салуға техникалық шартты (бұдан әрі - техникалық шарт) беру болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны қағаз түрінде.
2-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-қимылдар тәртібін сипаттау
Редакция документа
Демо – версия документа