(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕ...
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мемлекеттік білім беру мекемелерiнiң кейбір мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 қазандағы № 1080 қаулысы
Осы редакция 2016 жылғы 2 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Әскери бiлім беру жүйесiн жетілдiру жөніндегі шаралар туралы» 2003 жылғы 21 тамыздағы № 1173 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Алматы жоғары әскери училищесi» мемлекеттік мекемесi «Құрлық әскерлерiнiң әскери институты» мемлекеттік мекемесi болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Алматы жоғары әскери училищесiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 17 маусымдағы № 659 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 17, 193-құжат):
атауында және 1-тармағында «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi Алматы жоғары әскери училищесiнiң» және «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Алматы жоғары әскери училищесi» деген сөздер тиiсiнше «Құрлық әскерлерi әскери институтының» және «Құрлық әскерлерiнiң әскери институты» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Алматы жоғары әскери училищесi» мемлекеттік мекемесi туралы ережеде:
Редакция документа
Демо – версия документа