Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЕР УЧАСКЕСІНІҢ САПАЛЫ ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР БЕ...

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрінің

2020 жылғы 1 қазандағы

№ 301 бұйрығына

7-қосымша

 

Осы редакция 2023 жылғы 19 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Жер учаскесінің сапалы жағдайы туралы мәліметтер беру»

мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

(2021.30.03. берілген өзгерістермен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Жер учаскесінің сапалы жағдайы туралы мәліметтер беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Жер учаскесінің сапалы жағдайы туралы мәліметтер беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі ̶ мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) жеке кабинет - «электрондық үкіметтің» веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті;

2) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты - жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрларын жүргізу мақсаттары үшін қажетті жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын құжат;

3) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - МЖК ААЖ) - мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге арналған, жер учаскесінің сандық және сапалық сипаттамаларын, оның ішінде оның шекаралары туралы, сондай-ақ жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушылар туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе;

4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты - мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын, мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын негізгі талаптар тізбесі;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку