(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ ТУРА...
«Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 772 Қаулысы
Осы редакция 2022 жылғы 2 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 29, 376-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ережеде:
13-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.»;
орталық аппараттың функциялары мынадай мазмұндағы 11-8) тармақшамен толықтырылсын:
«11-8) соғысқа қатысушы куәлігін беру тәртiбiн айқындайды, сондай-ақ соғысқа қатысушы куәлігін дайындауды ұйымдастырады;»;
21-тармақ мынадай мазмұндағы 19-48), 19-49), 19-50), 19-51), 19-52), 19-53), 19-54), 19-55), 19-56), 19-57), 19-58), 19-59), 19-60), 19-61), 19-62) және 19-63) тармақшалармен толықтырылсын:
«19-48) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері полигондарының және оқу-жаттығу орталықтарының қызметі қағидаларын бекітеді;
19-49) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ғимаратына өткізу режимін қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
19-50) Жергілікті әскери басқару органдарының қызметтік істерін бағалау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
19-51) Жергілікті әскери басқару органдарында кезекшілер қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
Редакция документа
Демо – версия документа