«Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 1999 жылғы 22 ақпандағы № 14 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 299 бұйрығы
«Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 1999 жылғы 22 ақпандағы № 14 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 299 бұйрығы
«Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Заңның 5-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің «Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 1999 жылғы 22 ақпандағы № 14 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 913 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу жөніндегі нұсқаулыққа:
2-тармақтың 1), 2) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:
«1) жылжымалы мүлік кепілін тіркеу - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Жылжымайтын мүлік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен оның филиалдарының жылжымалы мүлік кепілін тіркеу кезінде туындайтын қатынастар қатысушылары әрекеттерінің, кепіл туралы шартта немесе кепілдің талаптары көрсетілген басқа шартта (кепілді тіркеу туралы өтініш) көрсетілген мәліметтерді жылжымалы мүлік кепілінің тізіліміне енгізу жөніндегі, осы Заңмен және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерімен белгіленген тәртіппен жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік беру және Жылжымайтын мүлік орталықтарының басқа да іс-әрекеттерінің жиынтығы болып табылатын жылжымалы мүлік кепілін есепке алу рәсімі;
2) тіркеуші орган - жеке және заңды тұлғалардың міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеуді жүзеге асырушы Жылжымайтын мүлік орталығы;»;
2-тармақтың 4), 5) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:
«4) жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік - Жылжымайтын мүлік орталығы арызданушыға беретін және жылжымалы мүлік кепілін тіркеу фактісін растайтын құжат;
5) жылжымалы мүлік кепілінің тізілімі (кепіл тізілімі) - Жылжымайтын мүлік орталығы жүзеге асыратын ақпаратты есепке алу және сақтау жүйес;»;
Демо – версия документа