Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру бөлігінде) өзгерістер енгізу туралы хаттама (Нұр-Сұлтан, 2019 жылғы 29 мамырда)

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру бөлігінде) өзгерістер енгізу туралы

ХАТТАМА

(Нұр-Сұлтан, 2019 жылғы 29 мамырда)

 

ҚР 2022 жылғы 16 наурыздағы № 109-VII Заңымен ратификацияланды

2022 жылғы 5 сәуірде күшіне енді

 

Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 115-бабын басшылыққа ала отырып,

мүше мемлекеттердің энергетикалық қауіпсіздігін арттыру, Еуразиялық экономикалық одақта адал бәсекелестікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін құқықтық кеңістікті қалыптастыру, мүше мемлекеттер экономикаларының электр энергетикасы саласындағы тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдайлар жасау, экономикалық өзара тиімді және теңқұқылы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында

төмендегілер туралы келісті;

 

 

1-бап

 

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) 81-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«81-бап. Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру, оның жұмыс істеуі және дамуы

Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру, оның жұмыс істеуі және дамуы осы Шарттың 104-бабының 8-тармағы ескеріле отырып, осы Шартқа № 21 қосымшаға сәйкес қағидаттар мен қағидалар негізінде жүзеге асырылады.»;

2) 82-бапта:

1-тармақтағы «осы Шартқа № 21 қосымшаға сай бірыңғай қағидаттар мен қағидаларға» деген сөздер «осы Шартқа № 21 қосымшаға және көрсетілген қосымшаның 5-тармағында көзделген Одақ органының актісіне» деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақтың күші жойылды деп танылсын;

3) 104-бапта:

2 және 3-тармақтардың күші жойылды деп танылсын;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку