(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЕР УЧАСКЕСІНЕ КАДАСТРЛЫҚ АҚПАРАТ БЕРУ» МЕМЛЕКЕТТІК...
Осы редакция 2016 жылғы 20 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 355 бұйрығына
2-қосымша
«Жер учаскесіне кадастрлық ақпарат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Жер учаскесіне кадастрлық ақпарат беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынмен (бұдан әрі - қызмет беруші), Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесіне кадастрлық ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандартына (2015 жылғы 15 мамырда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11050 болып тіркелді) (бұдан әрі - стандарт) сәйкес көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - жер учаскесіне кадастрлық ақпарат анықтама (бұдан әрі - ақпарат).
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Стандартқа сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету рәсімін (әрекетін) бастаудың негізі:
ХҚКО өтініш білдірген кезде - стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
«электронды үкімет порталы арқылы өтініш білдірген кезде - қызмет алушының ЭЦҚ қол қойылған электронды құжат нысанындағы сұрауы.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әр рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, орындау ұзақтығы:
Редакция документа
Демо – версия документа