«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің химиялық өнімді тіркеу және есепке алу мәселелері бойынша кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 815 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің химиялық өнімді тіркеу және есепке алу мәселелері бойынша кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 815 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасын Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 520 бұйрығында (Нормативтiк құқықтық актілерді тiркеу мемлекеттiк тізілімінде № 11367 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 14 тамызда жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
4-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қарастырудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.»;
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - Химиялық өнімді тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік) немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.»;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
Демо – версия документа