«Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 7 шілдедегі № 286 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 191 бұйрығы
«Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 7 шілдедегі № 286 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 191 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
«Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 7 шілдедегі № 286 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20939 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген 1-қосымшаның «Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Білім беру гранттарын тағайындау, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы «Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және көрсетілетін қызметтің тәртібін айқындайды.»;
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «білім беру гранты – «бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім алушыға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шарттармен берілетін нысаналы ақша сомасы;»;
3, 4, және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа