(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008 ЖЫЛҒЫ 20 МАУСЫМДАҒЫ № 597 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 маусымдағы № 597 Қаулысы
(2010.20.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 19 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық проблемаларымен айналысатын мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 наурыздағы № 346 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 10, 115-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық проблемаларымен айналысатын мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру ережесінде 1-тармақтың 6) тармақшасындағы «отбасы істері және гендерлік» деген сөздер «әйелдер істері және отбасылық-демографиялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының несие ресурстарын толықтыру мен пайдаланудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 22 мамырдағы № 555 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 14, 152-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының несие ресурстарын толықтыру мен пайдаланудың ережесінде 15-тармақтың 1) тармақшасындағы «отбасы істері және гендерлік» деген сөздер «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) «Халықаралық гуманитарлық, құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы № 1251 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 46, 516-құжат):
Редакция документа
Демо – версия документа