«Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 315 бұйрығы
«Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 315 бұйрығы
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7447 тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырдағы № 154-156 (26973-26975) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесінде:
7, 8, 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес нотариус жеке тұлғалардың iс-әрекетке қабiлеттiлiгiн және мәмiлелерге қатысушы заңды тұлғалардың құқықтық қабiлеттiлiгiн анықтайды.
Жеке тұлғаның әрекетке қабілеттілігі оның жеке басын куәландыратын құжаттарын берген сәттен, сондай-ақ әңгімелесу барысында көзбен шолу және БНАЖ арқылы «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорында анықталады.
Заңды тұлғаның, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген шетелдіктің, филиалдың (өкілдіктің) құқық қабілеттілігі БНАЖ арқылы «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан анықталады.
Заңды тұлғаның бірінші басшысының өкілеттіктері БНАЖ арқылы «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорында және оны лауазымына тағайындау туралы бұйрығымен (шешімі) тексеріледі.
Заңды тұлға, сондай-ақ филиалдың (өкілдіктің) басшысының өкілеттілігі оның басшысының немесе осыған оның құрылтай құжаттарымен уәкілетті өзге тұлғаның қолы қойылған, осы ұйымның мөрімен бекітілген сенімхат бойынша анықталады.
Демо – версия документа