«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 71 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 13 қыркүйектегі № 149 бұйрығы
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 71 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 13 қыркүйектегі № 149 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 71 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32237 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын Үлгілік біліктілік талаптары:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған жоғары білімі және бес жылдан кем емес еңбек өтілі бар адамдар осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда білімі болған кезде А-1, В-1, С-1, С-О-1, С-R-1, D-1, D-О-1, D-R-1, Е-1, E-R-1, E-G-1 санаттарындағы лауазымдарға қойылатын Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік кадрлық резервіне қабылданған жоғары білімі және үш жылдан кем емес еңбек өтілі бар адамдар осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда білімі болған кезде D-2, D-О-2, D-R-1, Е-1, E-R-1, E-G-1 санаттарындағы лауазымдарға қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес келеді.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің В-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
Демо – версия документа