«Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 217 бұйрығына 1-қосымша) (2018.23.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2017 жылғы 28 сәуірдегі
№ 217 бұйрығына
1-қосымша
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № ҚР ДСМ-39/2020 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.23.10. № ҚР ДСМ-28 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2018.23.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.23.10. № ҚР ДСМ-28 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Тіркеу үшін құжаттарды қабылдау:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы;
қайта тіркеу үшін - көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа