Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2015.18.02 № 1005 ЖАРЛЫҒЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

«Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Осы редакция 2015 жылғы 30 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 30, 259-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінде:

7-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

«Тұжырымдаманы іске асыру үшін әзірлеуші мемлекеттік орган Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асырудың бүкіл кезеңіне арнап немесе орта мерзімді әрбір кезеңге арнап кезең-кезеңімен әзірлейді.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Алдағы кезеңге арналған Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының жобасын әзірлеуді орталық мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган) жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.»;

14-тармақта:

үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасының іске асырылуын мониторингтеу мен бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.»;

төртінші бөлік алып тасталсын;

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган орта мерзімді (5 жылға) немесе ұзақ мерзімді (5 жылдан астам) кезеңдерге әзірлейді.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку