(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАР ҚЫЗМЕТІНІҢ АККРЕДИТТЕУ СТАНДАРТ...
Осы редакция 2017 жылғы 10 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 cәуірдегі
№ 294 бұйрығына 3-қосымша
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016.30.09. № 831 бұйрығымен атауы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Медициналық ұйымдар қызметінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін тану мақсатында оларды аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2016.30.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
1. Жалпы ережелер
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016.30.09. № 831 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. «Медициналық ұйымдар қызметінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін тану мақсатында оларды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - мемлекеттік стандарт).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтінішті қабылдау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі - Министрліктің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері;
2) www.e.gov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал)арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру портал арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016.30.09. № 831 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
Редакция документа
Демо – версия документа