«Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 14 ақпандағы № 85 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 14 ақпандағы № 85 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентінде:
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Кеңестер Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарларының арасында міндеттерді бөлуге сәйкес олардың басшылығымен:
1) Президенттің және (немесе) Әкімшілік Басшысының тікелей тапсырмасы болған кезде;
2) қоғамдық, әскери, саяси, экономикалық, ақпараттық және экологиялық қауіпсіздікке қатер туындаған жағдайда;
3) табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар, тұтас елде немесе жекелеген өңірлерде жағдай тұрақсызданған, террористік шабуыл немесе эпидемиологиялық аурулардың таралу қатері кезінде;
4) орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін ведомствоаралық үйлестіру, тұжырымдамалық сипаттағы және қаржылық қамтамасыз ету мәселелері бойынша еңсерілмейтін келіспеушіліктерді реттеу қажет болған кезде;
5) Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарларының тапсырмалары бойынша өзге де жағдайларда өткізілуі мүмкін.»;
мынадай мазмұндағы 27-1-тармақпен толықтырылсын:
«27-1. Осы Регламенттің 27-бабының 4) тармақшасында көзделген негіздемелер бойынша кеңес өткізілген жағдайда кеңес мынадай шарттар сақталып өткізіледі:
1) Үкімет Аппаратына жүгінгенге дейін мемлекеттік органдар келіспеушіліктерді реттеу жөніндегі қолданыстағы заңнамада белгіленген барлық шараларды қабылдады;
2) Үкімет Аппаратына жүгінген кезде келіспеушіліктер хаттамасы қоса беріледі;
3) дау тарапының бірі Үкімет құрамына кіретін мемлекеттік орган болуға тиіс.
Демо – версия документа