«Тауар биржалары саласында дилерлік қызметпен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 мамырдағы № 396 бұйрығына 3-қосымша) (2019.19.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 20 мамырдағы
№ 396 бұйрығына 3-қосымша
ҚР Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 51-НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Тауар биржалары саласында дилерлік қызметпен айналысу құқығына лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2019.19.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2019.19.03. № 20 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016.26.02. № 107 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі - қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 347 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11079 нөмірімен тіркелген «Тауар биржалары саласында дилерлік қызметпен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттiк қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі - Стандарт) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
2) www.еliсеnse.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы немесе www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) түрде.
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2019.19.03. № 20 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы тауар биржалары саласында дилерлік қызметпен айналысу құқығына лицензия не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Документ утратил силу
Демо – версия документа