(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘДЕБИЕТ ПЕН ӨНЕР САЛАСЫНДА...
Осы редакция 2020 жылғы 24 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2015 жылғы 21 қаңтардағы
№ 993 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы
Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы
ереже
(2018.30.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады және Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын (бұдан әрі - Мемлекеттік сыйлық) алуға ұсынылатын жұмыстарды қарау және іріктеу мақсатында құрылады.
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді және осы ережені басшылыққа алады.
3. Секциялардан тұратын Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Комиссияны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы басқарады.
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
2. Комиссия қызметінің тәртібі және оны ұйымдастыру
5. Комиссияның төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы ережеге сәйкес Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және оның мүшелерінің қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді.
6. Комиссияның төрағасы болмаған жағдайда, оның функцияларын төрағаның орынбасары жүзеге асырады.
7. Комиссияның хатшысы жұмыс органы дайындаған құжаттар мен материалдарды Комиссияның қарауына ұсынады.
8. Комиссияның отырыстары Комиссияның төрағасы бекітетін жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі. Жоспардан тыс отырыстар Комиссия төрағасының шешімі бойынша қажеттілігіне қарай өткізіледі.
Комиссия мен оның секцияларының отырыстары олардың мүшелерінің жалпы санының үштен екісі болған кезде заңды болып табылады. Комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді.
Редакция документа
Демо – версия документа